“Ұлы дала — ұлттық тарих тірегі“ атты тұрақты кітап көрмесі

24.01.2023 Выкл. Автор editor
“Ұлы дала — ұлттық тарих тірегі“ атты тұрақты кітап көрмесі

Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Осыған орай Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен “Ұлы дала — ұлттық тарих тірегі“ атты тұрақты кітап көрмесін кітапханашы А.Жаханова оқырмандарға талдап, таныстырып өтті.

Мақсаты: Жастардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктерін арттыру, болашаққа деген сенімін, ой — өрісін дамыту, жастарымыз елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрмеде атқа міну мәдениетінің дамуы, ежелгі металлургия, шеберлердің бұйымдарындағы ақ стилінің дамуы, Есік қорғанынан табылған көне ескерткіштер, Ұлы Жібек жолы туралы кітаптар қойылды.