“Сопылық поэзияның көрнекті өкілі” атты кітап көрмесі
10.02.202310 ақпан күні А. Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай “Сопылық поэзияның көрнекті өкілі” атты кітап көрмесі жасақталды.
Мақсаты: Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың бай мұрасын оқырмандарға насихаттау.
Қожа Ахмет Яассауи – сопылық поэзияның негізін салушы ақын, күллі Күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер тұлға. Әзірет Сұлтан атанған бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы – «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Бұл шығарма түркі халықтарының рухани жетістігі болып табылады. Осы шығарманы өскелең ұрпаққа дәріптеу, адамгершілікке шақыру мақсатында өткізіліп отырған шарада ақынның өмірі мен шығармашылығынан библиографиялық шолу жасалынды.
Аудандық кітапхананың қорындағы ұлы ойшылдың еңбектерін қамтитын тарихи құнды қолжазбалары мен кітаптары қойылды. Атап айтсақ: Қожа Ахмет Яассауидің «Диуани Хикмет»: («Ақыл кітабы») А. Ахметбектің «Қожа Ахмет Яассауи», Г.Умарова, С.Шарабасовтың «Қазақ әдебиетінің тарихы» т.б. қойылды.