«Рухани жаңғыру — туған жер тұтастығы мен ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел

08.02.2023 Выкл. Автор editor
«Рухани жаңғыру — туған жер тұтастығы мен ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел

Құттықожа ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында «Рухани жаңғыру — туған жер тұтастығы мен ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру

Шара барысында кітапханашы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген халқымыздың өсіп өнуіне және дамуына бағытталған төрт бағыттың әрқайсысына тоқталып, жеке-жеке түсіндірілді. Сондай-ақ, рухани жаңғыру халықтың рухын, туған жерге деген адал сезімнің биік болуға шақыратындығын, Қазақстанның болашағы үшін үлесі зор екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары рухани жаңғырудың барлық бағыттарына, «Заманауи Қазақстанды өз қолымен, күшімен және талантымен жасап отырған адамдардың нақты бейнесін қоғамға көрсетуге» қатысты өз ойларын ашық айта отырып, белсенді және қарқынды талқылады. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды қарастырды.