«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы 

24.02.2023 Выкл. Автор editor
«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы 

2023  жылдың  24 ақпан күні  Кейден ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы  ұйымдастырылды. Еліміздің болашағын баянды қылып сақтаудың кілті рухани жаңғыруда. Бұл идеяны елдің ертеңі қоғамның қозғаушы күші саналатын зиялы қауым да, жастар да қолдайды. Осы орайда, басты мақсат, адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі – ол кітаптың құдіретін таныту.

Кейден ауылдық кітапханасының қорын толықтыру, жастарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы.

Акцияға ауыл тұрғыны Арқабаева Динара кітапханаға қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Байбота Қошым-Ноғайдың балаларға арналған «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» атты он томдық жинағының 4 томын сыйға тарту етті.