«Әлемнің әміршісі — Ана» тақырыбында көп балалы батыр аналармен кездесу кеші

09.03.2023 Выкл. Автор editor
«Әлемнің әміршісі — Ана» тақырыбында көп балалы батыр аналармен кездесу кеші

Түгіскен ауылдық кітапхана мен  клуб үйінің бірлесуімен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әлемнің әміршісі — Ана» тақырыбында көп балалы батыр аналармен кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Оқырманға әлемнің жарығын сыйлаған көп балалы аналарымызға құрмет көрсету. Жастарымызға ақ жаулықты аналарды қастерлеуге, қыз баласын сыйлауды, құрметтеуді, ана еңбегін қадірлеуді үйрету.

Шараны «Ана әлдиі» прологімен ашылып, ауыл әкімі С.Туғанбаев көп балалы аналарды төл мерекелерімен құттықтап, ауылдық әйелдер кеңесіні төрайымы А.Наубаеваны аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Клуб үйінің қызметкері Б.Тасқожаева «Әйел бақыты» әнін орындап,  №209 мектептің 6 сынып оқушылары «Ана» туралы өлеңдерді жатқа оқыды. Көркем өнерпазадар үйірмесінің жігіттері «Ана туралы жыр» әнін орындады. Ауылдық ардагерлер кеңесінң төрағасы М.Ибрагимов, ардагер ұстаз Е.Құлымбетов, ел ағасы Т.Үсеновтер құттықтау сөз сөйлеп, аналарды мерекемен құттықтады. «Айдана» бала бақшасының қыздары «Аппағым», жас әнші Болат Бақберген «Анашым», «Қыздар» триосы «Гүл сыйлайық анаға» атты әндерін орындады.