«Ана жыры — көктем нұры» атты кездесу кеші

06.03.2023 Выкл. Автор editor
«Ана жыры — көктем нұры» атты кездесу кеші

Адырбек Сопыбеков атындағы орталық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз — Халықаралық аналар күніне орай «Ана жыры — көктем нұры» атты кездесу кеші болып өтті.

Кешті аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Әбілхайыр Әбілпаттаұлы ашып, ҚР Мәдениет саласының үздігі, кітапхана ардагері Шоманова Зәуреш Дәуменқызына Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісін табыстады. Шараға Қожамберді ауылдық  советінің депутаты болған, көп балалы батыр ана Ұ.Молдасапарова, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті кітапханашысы, бүгінгі таңда зейнеткер З.Дәуменқажықызы және Журналистер Одағының мүшесі, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Б.Үсейіновалар қатысып жастарға өздерінің өмірлік тәжірибелілерімен бөлісіп, апалық ақыл кеңестерін айтты. Шара барысында  «Ақ әжелер» ансамблі көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

№286 орта мектептің 4-сынып оқушысы А.Оразбек «Секіртпе» күйін орындап, Б.Жамалдин ақын М.Мақатаевтың «Шеше сен бақыттысың» атты жыр шумақтарын оқыса, «Кәусар» балабақшасының бүлдіршіндері «Ақ дидарлы анашым», «Тәлім» атты әндерін орындады.

Сондай-ақ мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашты. Шара соңында  кітапхана директоры А.Тилеубергенова қорытындылап, шараға қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпат жасалды.