«Жылулық, бақыт, қамқорлықтың символы — Ана» атты мерекелік кеш

03.03.2023 Выкл. Автор editor
«Жылулық, бақыт, қамқорлықтың символы — Ана» атты мерекелік кеш

3 наурыз күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен «Заңғар» интеллектуалды мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Жылулық, бақыт, қамқорлықтың символы — Ана» атты мерекелік кеш өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастастыру. Шараны кітапханашы аудандық кітапхана директоры А.Тилеубергенова ашып, аналарды, қыздарды мерекелерімен құттықтады. Балалар аналарға арналған тақпақтар, өлеңдерін оқып,  1 «в» сыныбының ұлдары  қыздарға арнап «Джентелмендер» биін билеп берді. 2 «в» сыныбының ұл-қыздары «Құдаша» биін билеп көпшіліктің құрметіне бөленді. Кітапханашы Ж.Тулешова «Ана – гүл, қыз – өмірдің шуағы» атты кітап көрмесімен таныстырды.  Шараны «Заңғар» интеллектуалды мектебінің директоры Гаухар Тұрғанбайқызы қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдіріп, ұстаздарды аналар мейрамымен құттықтады.