«Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» атты тарихи кеш

27.02.2023 Выкл. Автор editor
«Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» атты тарихи кеш

27 ақпан күні Жаңақорған ауданының Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің ұстаздарының қатысуымен Қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» атты тарихи кеш болып өтті. Кешті М.Көкенов атындағы жас ақындар шығармашылық ұжымының жетекшісі У.Ибрагимов ашып, ауданның ақындары М.Оспанов пен А.Бидаш Т.Жүргеновке арнаған арнауларын орындады. Әлшекей көркем өнер бөлімінің меңгерушісі С.Отарбаев «Темірбектің төкпесі» атты сиясы кеппеген күйін орындап көпшіліктің ыстық ықыласына бөленсе, көркем сөз оқу үйірмесінің ұстазы А.Едіресова Т.Жүргенов туралы біршама мәлімет берді. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының шәкірті «Жаңаша» әзіл-ысқақ отауының жетекшісі Т.Әжімұратов өзі бітірген академиясы жөнінде біраз мағұлматтармен бөлісті.