«Кітап-даналардың данасы» тақырыбында кітапханаға саяхат

03.04.2023 Выкл. Автор editor
«Кітап-даналардың данасы» тақырыбында кітапханаға саяхат

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалыққа кітаппен барар жол» жобасы аясында сәуір айының 3-і күні   2- сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап-даналардың данасы» тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу белсенділігін дамыту. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, ең үлкен ұлы тәрбие құралы-кітап екенін түсіндіру. Кітапхана өмірімен таныстыру. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықты арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.

Кітапханаға саяхат барысында оқушылар көптеген кітаптармен танысып, кітапты таза, ұқыпты ұстау керектігін ұғынды. Кітапханашы жаңа кітаптар көрмесіне шолу жасап, Г.Х.Андерсеннің кітаптарымен және балаларға арналған журналдармен таныстырды. Оқушылар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді.