«Қазақ прозасының пырағы» тақырыбында жазушы сағаты
27.03.2023Бесарық бекеті ауылдық кітапханасында наурыз айының 27-сі күні «Бір ел -бір кітап 2023» республикалық акция аясында жыл кітабы болып ұсынылған қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттау мақсатында «Қазақ прозасының пырағы» тақырыбында жазушы сағаты өткізілді.
Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызу. Жастарды адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу, ана тіліне қамқорлықпен қарау.
Шара барысында оқырмандарға Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы баяндалды. Жазушының шығармаларының ерекшеліктері, шығарма кейіпкерлерінің дара, табиғи болмыстары жайында айтылып, «Қонақтар» шығармасына кеңірек тоқталып өтті. Төлен Әбдіктің шығармаларының ерекшелігіне, кейіпкерлерінің образдарына, философиялық құндылығымен шығармаларының жазылу тіліне тоқталды. Кітапханашы «Ұлтына ұлық-Төлен Әбдік» атты кітап көрмесіне шолу жасады.