«Ұлт –Ұлысқа ортақ үй — Қазақстан» атты мәдени шара
28.04.2023Сунақата ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған «Ұлт –Ұлысқа ортақ үй — Қазақстан» атты мәдени шара болып өтті.
Мәдени шараны ауыл әкімі Жумадуллаев Ақылмұрат Исмайылұлы ашып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады және де мереке қарсаңында ауыл демографиясына үлес қосқан көп балалы ана Нахипова Аягөзге Күміс алқа наградасын салтанатты түрде тапсырды.
Ауыл өнерпаздары ән –жырдан шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сйылады.
Кітапханада «Бірлігі жарасқан-Қазақстан» атты кітап көрмесі жасалынды.