«Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты мерекелік кеш
05.05.2023Әбдіғаппар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 5 мамырында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы отан қорғаушылар күні тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекенің өзіндік сырын айтып, оқушылар отан туралы әндер мен патриоттық өлеңдер оқыды.