«Отбасы-бақыт мекені» атты әңгіме сағат
12.05.2023Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мамыр айының 12-сі күні 15-мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекені» атты әңгіме сағат өткізілді.
Мақсаты: Отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау; Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап қалуға тәрбиелеу. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Шарада елді мекенімздің үлгілі отбасыларының бірі Тәубаев Зәуірбек ағамыз бен Абдумәлікова Базаркүл апаймыздың отбасы туралы, балалары жайында, қандай қызмет атқаратындары жайында баяндалды. Сонымен қатар шара барысында Отбасы — адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Отбасы — адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесінде отбасының алатының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай да саласы болса да алмастыра алмайды осы турасында мағұлматтар берілді.