«Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты кітап көрмесі
01.06.2023
Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен маусым айының 1-і күні «Балалыққа кітаппен барар жол» жобасы аясында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты кітап көрмесі және кітапханаға саяхат өткізілді.
Мақсаты: Балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа бірлікке тәрбиелеу. Ойын – сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Кітапханаға саяхат барысында бүлдіршіндер кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға тамашалады. Кішкентай оқырмандар кітапханаға саяхат жасай отырып, жаңадан түскен балалар әдебиетімен және кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмелерімен танысты. Сонымен бірге балаларға бос уақыттарында кітап әлеміне еніп кітап оқуға кеңестер берілді.
