«Кім жылдам табады» атты викториналық ойын

27.06.2023 Выкл. Автор editor
«Кім жылдам табады» атты викториналық ойын

Жаңақорған ауданы №1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен «Күн сәулесі кітапта» жобасы аясында «Кім жылдам табады» атты викториналық ойын өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандарды жан-жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрету. Шығармашылық, алғырлық, зеректікке тәрбиелеу, ептілік, тапқырлыққа баулу, топпен жұмыс жасауға, айналасындағы ортамен қарым-қатынас орнатуға, ана тілін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Викториналық ойын Prime park-ке келген оқушылармен өткізілді. №125 мектептің 3-сынып оқушысы Шазинда Айдай «Оқуда озат боламын» өлеңімен бастап, 4-кезеңнен тұратын ойын түрлері ойнатылып, соңында қатысқан оқушыларға алғыс хат пен тәттілер таратылып, №163 мектептің оқушысы Нәжімедин Айару «Қыз бала гүл»  әнімен аяқтады.