“Жайнай бер, жасай бер – Жаңақорғаным” атты танымдық – музыкалық кеш
28.07.2023
Жаңақорған ауданының 95 жылдығына орай “Талдысу” тынығу лагерінде “Жайнай бер, жасай бер – Жаңақорғаным” атты танымдық – музыкалық кеші өткізілді.
Мақсаты: Баланың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, бірлесе әрекет ету іс – қимылдарын , ұйымшылдыққа, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеуге сонымен қатар, ойын барысында әр түрлі әдіс- тәсілдерді, ойындарды қолдануға тәрбиелеу және достық қарым- қатынасты нығайту.
Шара барысында ақын А.Сопыбековтың сөзіне жазылған “Талдысу” лагерінің гимі орындалып, А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова шараны ашып, “Жаңақорған – жәннатым мекенім” атты квест ойыны, “Туған жер тарихын білесіңбе?” атты интеллектуалды сайыс, “Өлкемізді өзгелер де танысын” атты шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ мәдениет үйінің әншілері О.Ормаханов, Ә.Әбдікерімовтер “Қазағымның өнер көрмесі”, “Жақсы адамдарым” атты әндері шырқалды. Шараға белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

