«Болашағың бұлыңғыр болмасын десең…» атты тақырыпта пайдалы кеңес сағаты

21.07.2023 Выкл. Автор editor
«Болашағың бұлыңғыр болмасын десең…» атты тақырыпта пайдалы кеңес сағаты

21 шілде күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күніне орай «Болашағың бұлыңғыр болмасын десең…» атты тақырыпта пайдалы кеңес сағаты өткізілді.

Мақсаты: нашақорлықтың алдын алу, балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Шара барысында «Нашақорлық қоғам дерті» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандары кітапхана қорындағы денсаулық, экология, салауатты өмір салты, нашақорлық және оның зияны туралы кітаптармен танысты.  «Нашақорлық – тұйыққа апарар жол»- атты тақырыпта презентация таныстырылып, есірткінің зияны туралы бейнероликтер көрсетілді. Жастарымыз нашақорлықтың негізгі белгілері, есірткі түрлері, есірткінің зияны, нашақорлықтың алдын алу туралы мағлұматтар алды.