«Конституция — қуатты қорғаным» — атты құқық сағаты

29.08.2023 Выкл. Автор editor
«Конституция — қуатты қорғаным» — атты құқық сағаты

2023 жылдың 29 тамыз  күні Бірлік ауылдық кітапханасы «Көшпелі сынып сағаты» — жобасы аясында 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай С.Қожанов атындағы N55 мектептің 7 сынып жетекшісі Г.Абсаттаровамен бірлесіп «Конституция — қуатты қорғаным» — атты құқық сағатын өткізді.  Мақсаты: оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, заң алдындағы жауапкершілікті арттыруға және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

 Шара барысында оқушылар «Бала құқықтары туралы Конвенция»-ның баптары туралы білімдерін жаңғыртты.»Дауыстап оқиық және есте сақтайық» айдармен интерактивтік тақта арқылы құқықтармен танысты.Құқық пен міндетті айыру үшін «Менің құқықтарым мен міндеттерім» атты сергіту ойыны ойнатылды.