«Айбыны асқақ — Ата Заң» атты кітап көрмесі
29.08.20232023 жылдың 29 тамыз күні Әбдіғаппар ауылдық кітапханасы оқырмандардың танымын арттыру, олардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Айбыны асқақ — Ата Заң» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», «Қазақтың Ата Заңдары», «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Жеті жарғы» сынды кітаптар қойылды.