«Атау кере»  шығармасынан эссе жазу

21.09.2023 Выкл. Автор editor
«Атау кере»  шығармасынан эссе жазу

2023 жылдың 21 қыркүйек  күні Жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай «Атау кере»  шығармасынан эссе жазу ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушылардың жазушы жайлы ұғымдарын қалыптастыру, көркем сөз оқу шеберліктерін дамыту, әдебиет өнерін қадірлеуге баулу.

Шара № 160 орта мектебінің 5-10  сынып  оқушылары қатысты.Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетіндегі, қазақ журналистикасындағы, қазақ публицистикасындағы қайталанбас құбылыс. Қазақ көркемсөзінің көкжиегін кеңейткен, аспанын биіктеткен қаламгер. Оның өзіне ғана тән ерекшеліктерінің күшті болғаны соншалықты, кезінде көп жастар Оралхан Бөкейге еліктеп, қалам тербеген екен. Әлі де еліктегісі, ұқсағысы келетіндер аз емес. Ең басты ерекшелігі – кербез еркіндігі мен оралхандық ой құнарлығы.Кеште 5-сынып оқушысы Г.Әкім Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығынашолу жасады.. Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: «Алтайдың кербұғысы!», «Мұзтаудың мұзбалағы!» «Атау кере »деген сынды эпитеттерді қарша боратқан. Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткер Бөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті шығар. «Атау кере» хикаятының ең негізгі көтерген тақырыбы – адамның адамгершілік болмысы, қаймағы бұзылмаған табиғат аясында барлық бәле-сұмдықтан алыс, өз қиялымен өзі қолымен жасап алған «жұмбақ» әлемінде күн кешкен адамдардың іс- әрекеті суреттелген. Шығармада ойыңды адастырып алатындай қым-қиғаш өрбіп жатқан оқиғалар желісі жоқ. Шығармадағы әр кейіпкердің ішкі әлемінің қатпар -қатпар қалтарысын назарынан қалт жібермеген жазушы не суреттесе де, қандай оқиға болса сол кейіпкерінің тұлғасын таныта түсуді мақсат етеді-деп кітапханашы А.Мұстафаева қорытындылады.