«Тағылым мен тағзым» атты кездесу кеші

15.12.2023 Выкл. Автор editor
«Тағылым мен тағзым» атты кездесу кеші

Қожакент ауылдық кітапханасымен клуб үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы И.Әбдікәрімов атындағы 168 орта мектебінің мұғалимасы Абдуллаева Несіпкүл апаймен «Тағылым мен тағзым» атты кездесу кеші өтті. Мерекелік іс-шараның мақсаты: Желтоқсан қатысушыларының ерен ерлігіне тағзым. Егеменді еліміздің өркендеуіне үлес қосар, Отанына сүйіспеншілігі зор, рухты, қайратты, білікті, патриот жастарды тәрбиелеу. Кездесу кеші «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» сипатында ерекше әсерлі өтті.

Кеш барысында өлеңдер оқылып, әндер шырқалып, ауыл әкімі Елеусіз Жиенхожаев пен жас кәсіпкер Амангелді Даниярдың демеушілігімен сый құрмет көрсетілді.