«Қайырымдылық жүректен» қайырымдылық акциясы

01.12.2023 Выкл. Автор editor
«Қайырымдылық  жүректен» қайырымдылық акциясы

2023 жылдың желтоқсан айының 1 күні №1 кенттік кітапханасының  ұйымдастыруымен  3-желтоқсан мүгедектер күніне орай «Қайырымдылық жүректен» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.  Акцияның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмай көңіл бөлу,  көңіл-күйлерін көтеру.

«Қайырымдылық жүректен» акциясына №1 кенттік кітапхананың кітапханашылары сөйлей алмайтын және 5 түрлі  диагноз аурумен ауыратын Берістен Айсараның үйіне барып қайтты. Айсараға ертегі кітаптар «Алаяқ  түлкінің көмегі», «Алтын тостағанды іздеу», «Ең қызықты ертегілер» және тағыда басқа түрлі кітаптар апарып, оқып беріп және түрлі түсті суреттер боятып, құрастырма «Lego» ойыншықтармен  ойнатып қайтты.