«Спид-ғасыр індеті» атты ақпараттық сағат
08.11.20232023 жылдың 8 қараша күні Манап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен клуб үйінде 1 желтоқсан СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Спид-ғасыр індеті» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, міндеттеріне шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД- тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
Шара №160 мектебінің оқушылары мен ұстаздары және ата-аналары қатыстырылды. Шарамызға «Жаңақорған ауданының мәдениет жәнетілдерді дамыту бөлімінің Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Тилеубергенованың қолдауымен аудандық емхананың психологы Г.Сарбасова және психоәлеуметтік кеңес беру бөлімінің дәрігері Р.Тотаева мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің дәрігері Т.Сақтағанов мырзалар қатысып өз ойлары мен бөлісіп оқырмандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.