Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай «Түгел сөздің биігі-Төле би» атты кітап көрмесі

22.11.2023 Выкл. Автор editor
Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай  «Түгел сөздің биігі-Төле би»  атты кітап көрмесі

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қараша айының 22-сі күні Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай  «Түгел сөздің биігі-Төле би»  атты кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдерінің білі Төле би Әлібекұлының даналығын, шешендік тапқыр сөздері жайлы мәліметтер айту. Оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру. Сезімтал, шешен болуға ұмтылдыру. Мақал-мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын, шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрмеде кітапханашы оқырмандарға Төле би Әлібекұлының өмірбаяны мен даналығы жайында айтып өтті.  Оқушылар тарихқа терең бойлай отырып, дана бидің көрегендікпен айтқан өсиеттеріне, шешендік сөздеріне қанық болды. Кітапханашы көрмеге шолу жасады.