«Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз – болашақ» атты ақпараттық сағат
17.01.2024
Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында 17 қаңтар күні «Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз – болашақ» атты ақпараттық сағат өтті.
Шараның мақсаты: Жастарға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.
Шараға И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектебінің оқушылары, әкім аппаратының жетекші маман, заңгер О.Сәпиев және ауылдық клуб үйінің директоры Талғат Тұрсынбаев т.б қызметкерлер қатысып өз пікірлерімен бөлісті. Кітапханашы «Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз – болашақ» атты кітап көрмесімен таныстырып, жемқорлық жайында пікір алмасты.