«Жыр шашқан ғұмыр» атты тақырыпта әдеби оқу

07.02.2024 Выкл. Автор editor
«Жыр шашқан ғұмыр» атты тақырыпта әдеби оқу

Құттықожа ауылдық кітапханасында 2024 жылдың 7 ақпан күні «Адал адам» мәдени — тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем Book» жобасы аясында қазақтың танымал ақыны, драматург, әдебиеттанушы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Жыр шашқан ғұмыр» атты тақырыпта әдеби оқу өткізілді.

Мақсаты: Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру, оқушыларды кітап оқу арқылы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы А.Бейсенбиева ақынның кітаптарымен, қолжазбаларымен, құжаттарымен, тұтынған бұйымдарымен таныстырып өтті. Оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы өлеңдеріноқып, Ә.Тәжібаевтің сөзіне жазылған «Ән» өлеңін әуелете орындап шықты.