«Іздесең білім кітапта» атты сыр-сұхбат

15.02.2024 Выкл. Автор editor
«Іздесең білім кітапта» атты сыр-сұхбат

2024 жылы 15 ақпан күні Еңбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем ВООK» жобасы аясында «Іздесең білім кітапта» атты білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Е.Ержігітовпен сыр-сұхбат өткізілді.

Мақсаты: Ардагер ұстаздың өмір жолымен еңбектерін таныстыру. Оқушылардың ұстазбен сұхбаттасу арқылы ой-өрісін кеңейту. Ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Шара барысында мектеп директоры Н.Көлжанов ел арасындағы абыройлы еңбектеріне тоқталып, кітапханашы «Ауыл мақтанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, ұлағатты ұстаздың өмірімен таныстырды. Оқырмандар сұрақ қою арқылы ұстаздан ұлағатты тәрбие алып, өз шығармашылығынан арнау оқыды. Шара соңында М.Машырапова «Ұстазым» әнімен аяқталды.