«Жат жерде от кешкендер» атты кітап көрмесі

15.02.2024 Выкл. Автор editor
«Жат жерде от кешкендер» атты кітап көрмесі

Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептің ұстазы Ұ.Жаңатай және 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-Book» жобасы аясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Жат жерде от кешкендер» атты кітап көрмесі жасақталды.

Мақсаты: оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа өз елінің патриоты болуға, ардагерлерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Көрмеге Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және сол соғыста аман қалған жерлес жауынгерлер туралы деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың фотосуреттері қойылды, сонымен қатар Ө.Күмісбаевтың «Ауғанстан достық құшағында», Ж.Ысқақтың «Борыш», С.Акимбековтың «История Афганистана», «Когда поют солдаты», «Афганские звезды», А.Тамониковтың «Бой в ливийской пустыне», И.Андроновтың «По волчьему следу», Б.Смағұлдың «Тағдыр тозағы ад судьбы» атты  кітаптары мен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары қойылды.