«Тіршіліктің тірегі – Ана» атты мерекелік кеш

07.03.2024 Выкл. Автор editor
«Тіршіліктің тірегі – Ана» атты  мерекелік кеш

7 наурыз күні  аудандық балалар кітапханасы Халықаралық  әйелдер  күніне орай «Тіршіліктің тірегі – Ана»  атты  мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Бүлдіршіндердің анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Шараға қатысқан «Нұр-Дамир» балабақшасының  бүлдіршіндері    аналарына арнап өлең жолдарын оқып, «Анаға сәлем», «Асыл ана» әндерін «Қолшатыр»  биін  биледі. Кітапханашы «Әлем ананың алақанында» атты кітап көрмесі жасақталып, кітапхана оқырмандарына таныстырылды.