«Алғыс айту күніне — шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі» өнеге сағаты

01.03.2024 Выкл. Автор editor
«Алғыс айту күніне — шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі» өнеге сағаты

Көктөбе ауылдық кітапханасы мен мектеп оқушылар арасында 29 наурыз күні «Алғыс айту күніне — шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі» атты өнеге сағатты өтті. Мақсаты: Балалардың сыйластық — құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Шараның басында елімізде алғыс айту күнінің шығу тарихы тілге тиек етілді. Шара барысындағы әсем ән мен мың бұралған би кештің көркін қыздырды. Оқушылардың орындауында «Қазақ биі» болса, балабақша меңгерушісі «Алғыс» әнімен көрерменнің көңілін көкке көтерді. Кітапхананың ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара, адам жанын рухани байытып, адами құндылықтарға баулыған тағылымы мол шара болды.