«Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем» әжелер сайысы
04.03.20242024 жылдың 4 наурыз күні Кейден ауылдық кітапханасы менклуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай «Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем» атты әжелер сайысы болып өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету, баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Шара барысында ауыл әкімі С.Кенжебаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Әбжанов және «Күкірт қышқылы» зауыты, әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Г.Рустемова ашып, барша аналарға деген ыстық лебізін білдірді. Сайыста бірнеше кезеңдерден «Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» атты өзін таныстыру, «Жақсы сөз-жарым ырыс» атты бата беру, «Өнерлі саусақтар» атты қолөнер бұйымдары, «Мықты болсаң тауып көр», ырым-тиым туралы сөздерді айта отырып мағанасын айту, «Ас-адамның арқауы» атты ұлттық тағамдарды жасалу жолдарымен, «Өнерлі өрге жүзер» салт-дәстүрден атты кезеңдерден өтті. Әділқазылардың шешімімен Х.Ақылбекова «Асыл әжем» Г.Бейсенова «Өнегелі әже», Р.Нұрилдаева «Өнерлі әже», Т.Өткелбаева «Сымбатты әже» номинацияларымен марапатталып, сыйлықтармен марапатталды.