«Ел қамын ойлаған қайраткер» атты кітап көрмесі
01.03.20242024 жылдың наурыз айының 1-күні М.Нәлібаев ауылдық кітапханасында «Әлем-ВООК» жобасы аясында Мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, ХХІ-ғасыр адамы, Бердібек Машбекұлы Сапарбаевқа «Ел қамын ойлаған қайраткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың еске алу кешіне орай, өмір жолы мен елі үшін, мемлекет үшін еткен ерен еңбегін насихаттау.
Көрмеге қоғам қайраткері Б.Сапарбаевтың еңбектері, баспасөз материалдарына шыққан жазбалары, естеліктері «Сағымға айналған сағыныш» атты кітабы қойылды. Сондай-ақ жас жазба ақындар өздерінің арнаған арнауларын оқыды