Б. Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Жекпе- жек” повесіне талдау

21.02.2024 Выкл. Автор editor
Б. Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Жекпе- жек” повесіне талдау

Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21 ақпан күні “Адал Адам” мәдени – тәрбие орталығы тұжырымдамасының “Әлем – Вооk” жобасы аясында қазақ әдебиетінің талантты жазушысы Б. Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Жекпе- жек” повесіне талдау өткізілді. Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқырмандарды кітап оқуға шақыру.

Шарада жазушының өмірі мен шығармаларына шолу жасалып, әңгімелерінен үзінділер оқылды. Оқушылар “Жекпе-жек” әңгімесіндегі басты кейіпкерлер туралы өз ойларын айтып ой пікірлерімен бөлісті.