«Менің атым Қожа» повесіне талдау
22.02.2024
2024 жылдың 22 ақпанында Әбдіғаппар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының “Әлем-Book” жобасы аясында балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Менің атым Қожа” повесіне талдау ұйымдастырылды. Мақсаты:жазушы өмірбаянымен, шығармаларымен таныстыру.
Шара барысында:кітапханашы оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны және балалар сүйіп оқитын кітаптарына тоқталып, «Менің атым Қожа» повесі бойынша қызықты сұрақтар қойылып, оқушылар өз ой-пікірлерін айтты. Шара соңында белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары табысталды.

