«Әлем Воок» жобасы аясында жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармасына талдау

19.02.2024 Выкл. Автор editor
«Әлем Воок» жобасы аясында жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармасына талдау

Көктөбе ауылдық кітапханасы, клуб қызметкерлері және мектеп кітапханасымен бірігіп «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының, «Әлем-ВООК» жобасы аясында ұлы жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» романнан талдау өтті. Мақсаты: оқушыларды әдеби шығармаларды оқуға тарту, «Абай жолы» роман-эпопеясынан алған білімдерін жинақтап, шығарманы оқу.

Шара барысында кітапханашы Ж.Бигазиева ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын, «Абай жолы» романының басылып шығу тарихы, жалпы Қазақ өмірінің көркем шежіресі болып табылатын ұлан-ғайыр эпопеяда барлық қыр-сырымен халық бейнесі жасалғандығы жөнінде айтып өтті. Шығарманы тарау бойынша талдау кезінде роман-эпопеяны оқыған оқушылар, әр бөлімдегі образдарға жеке-жеке тоқтала отырып, өз ойларымен бөлісті.