“Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылық жолы” атты танымдық сағат

30.01.2024 Выкл. Автор editor
“Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылық жолы” атты танымдық сағат

  2024 жылдың 30 қаңтар күні «Көшпелі тәрбие сағаты» жобасы аясында Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің 90 жылдық мерейтойына орай Әл — Фараби білім орталығының 5-7сынып оқушылары арасында “Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылық жолы” атты танымдық сағат ұйымдастырылды.  Мақсаты: жазушының өмір жолы мен шығармашылығынан мағлұмат беру, оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Аталмыш шарада 7сынып оқушыларына жазушының «Жапандағы жалғыз үй» кітабы таныстырылып, жазушының өмір жолына шолу жасалды. 5-6 сынып оқушылары арасында «Кімнің мекені жақсы?», «Сақау бәтеңке» атты әңгімелері бойынша рөльдік оқулар, берілген сұрақтар бойынша мәтінді тауып оқу, мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын тауып жазу сияқты бөлімдер бойынша қатысушылар әңгімелерден түйген ойларын ортаға салды. Зейнеткер-ұстаз, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Ә.Әділханов оқушыларға жазушы шығармаларының мазмұны мен идеясы жайлы әңгімелеп берді.