«Туған өлкем, қандай көркем!» тақырыбында әдеби – сазды кеш

15.03.2024 Выкл. Автор editor
«Туған өлкем, қандай көркем!» тақырыбында әдеби – сазды кеш

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 15 наурыз күні «Парасат жолы» жобасы аясында «Туған өлкем, қандай көркем!» тақырыбында әдеби – сазды кеш өтті.

Мақсаты: Әрбір азаматты туған өлкесін, оның тарихын, байлығын, табиғатын қадірлеуге шақыру. Оқушыларда кітап оқу арқылы адалдыққа,адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, туған жеріміз «Түгіскен» туралы, тарихы, табиғаты, халықтың егін шаруашылығымен айналысуы жайлы мәліметтер беріп өтті. Сондай-ақ клуб үйінің директоры Б.Тасқожаева ауылдың құрылуы жайлы естеліктермен бөлісіп,  кітапханашы А.Көшербаев «Туған жер», клуб үйінің қызметкері Л.Қожабаева «Ауылым» әнін орындады. Оқушылар «Туған жер», «Аққорған», «Сағыныш», «Ақ күрішім, ақ алтын» өлеңдерін жатқа оқыды. Шара соңында кітапханашы «Туған өлкем, қандай көркем!» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен оқырмандарға таныстырды.