«Ақбілек» романынан талдау
20.03.202420 наурыз күні Жаңақорған ауданы, Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени — тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем — ВООК» жобасы аясында, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақбілек» романын талдау сағаты өтті. Мақсаты: Оқырманға Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру. Балаларды көркем әдебиетті оқуға, адамгершілік- рухани танымын байыта білуге баулу.
Шара барысында кітапханашы «Қазақтың көрнекті жазушысы» атты кітап көрмесімен кітапханашы Ш.Әлжан таныстырып, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет берді. Сондай-ақ оқушылар көркем туындыда қаламгер өмір оқиғаларын, алуан түрлі тағдырларды суреттей отырып, осы арқылы қоғамдағы бір немесе бірнеше әлеуметтік жағдайларды көтерді. Жазушы шығармада адамдардың тағдырын, күрес-тартысын жайдан жай бейнелейді. Адамдар тағдырына оқиғаның сыйпатына, шешіміне қатысты өз көзқарас-ойында білдірді. Мектеп оқушылары өздерінің ұшқыр ойларын өте қызығушылықпен ортаға салды. Ж.Аймауытовтің «Ақбілек» романы бойынша оқушылар кейіпкерлер жайлы талқылауды тұшымды ұтқыр ойлармен толық жауап беді.