«Отбасы — бақыт аясы» тақырыбында өнерлі отбасы
15.05.2024Түгіскен ауылдық клуб үйінде 2024 жылдың 15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне орай кітапхана, клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Отбасы — бақыт аясы» тақырыбында өнерлі отбасы Жексенбаев Мәдидің отбасымен кездесу кеші өтті. Мақсаты: Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты насихаттау. Отбасылық құндылықтарды нығайту. Ауылымыздағы өнерлі отбасыларды кеңінен насихаттап, жастарды үлкенді сыйлауға, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Кешті клуб үйінің қызметкері Көптілеуова Арайлым жүргізіп, Халықаралық отбасы күнімен құттықтады. Кеш қонақтары Жексенбаев Мәди мен Қожабаева Ләззаттың қысқаша өмірбаяндарымен таныстырды. Кеш қонақтары жүргізуші қойған сұрақтарға жауап беріп, оқушылар қонақтарға өздерінің сұрақтарын қойды. Кеш қонағы Л.Қожабаева «Алғыс», «Перзент парызы» әндерін орындап берді