«Гүл жайнаған балғындар» атты кітапханаға саяхат

01.06.2024 Выкл. Автор editor
«Гүл жайнаған балғындар» атты кітапханаға саяхат

30 мамыр күні  «Әлем –ВООК» жобасы аясында  27 мамыр – 7 маусым аралығында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты ашық есік күніне байланысты, 1 маусым –  Халықаралық балаларды  қорғау күніне орай    «Гүл жайнаған балғындар» атты кітапханаға саяхат өткізілді. Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту, балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу, жақсы көңіл-күй сыйлау, кітап әлемi туралы түсiнiк берiп, кітапхана өмірімен таныстыру.  Шараға  №110 мектеп-лицейінің  оқушылары мен ұстаздары келді. Кітапханашылар кітап қоры, абонемент бөлімі, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі туралы толық мағлұматтар берді. Сондай-ақ іс-шара барысында балалардың назарына ертегі кітаптар, қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар,тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. Кiшкентай оқырмандарымыз қызығушылық танытып, кітап туралы өз ойларын айтып бердi. Шара соңында кітапханашы оқушыларды кітап сүюге, кітаппен дос болуға шақырды.  Шара соңында балалар балалар ақыны А.Сопыбековтың ескерткіші жанында естелікке суретке түсті.