«Елдің сәні — ерке балғындар» ертеңгілік
01.06.20241 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №2 кенттік кітапаханасы мен Нұр-Дамир балабақшасының әдіскері Қалдыгүл Шерімованың ұйымдастыруымен «Елдің сәні — ерке балғындар» атты ертеңгілік әрі балабақшамен қоштасу болып өтті. Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Шара барысында кітапханашы К.Шенгелбаева мерекемен құтықтап, балғындар би билеп, тақпақтар айтып өз өнерлерін көрсетті.