Жыр дариясына айналған ақын

17.07.2024 Выкл. Автор editor
Жыр дариясына  айналған  ақын

Сунақата  ауылдық  кітапханасының   ұйымдастыруымен  «АДАЛ  АДАМ» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының  «Әлем-ВООК» жобасы аясында  лирик ақын  Әбділда Тәжібаевтың  115 жылдығына  орай «Жыр дариясына  айналған  ақын»  атты кітап көрмесі жасақталып, поэзия кеші болып өтті. Кітапханашы Р.Сәдірбаева  кітап көрмесімен таныстырып, ақынның өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өтті. Ә.Тәжібаевтың   шығармашылығынан кітапхана оқырмандары  Б.Туралиева, А. Қожабек, С.Ақынбай  «Туған тілім», «Алатаудың бауырында», «Сыр бойында өсетін нар қамыстар» т.б өлеңдерін оқыса  мәдениет қызметкері М.Бөкешов «Сырдария» әнін  орындады.

Мақсаты: жерлес лирик ақын  Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау