Тамаша кітап әлеміне ой түзе

09.07.2024 Выкл. Автор editor

9 шілде күні Келінтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  «Тамаша кітап әлеміне ой түзе» айдарымен Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» кітабына талдау өткізілді.

Шара барысында кітапханашы Р.Уалишерова «Ақбілек» романындағы қазақ қызы мен әйел тағдырын, басты кейіпкер Ақбілектің неше түрлі қорлық көргенін, қазақ халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыры кең көлемде суреттелген туынды екенін атап өтті. Сонымен бірге клуб үйінің әдіскері Ш.Сағынтаева, Байдаулетовалар әйел тағдырлары туралы ой пікірлерін ортаға салды.

Мақсаты: жастарға қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын әйел тағдырын суреттеген туындыны насихаттау, кітап оқуға шақыру.