Домбыра күні

01.07.2024 Выкл. Автор editor
Домбыра күні

Ұлттық домбыра күніне орай 1 шілде күні  Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Домбыра дастан — домбыра күй» атты домбыра пати ұйымдастырды. Шараға Жастар ресурстық орталығының  жастары, Әлшекей атындағы өнер мектебінің ұстазы С.Отарбаев, музыкант А.Қалдыбаеваның жетекшілігімен «Bala-ART» өнер орталығының оқушылары, «Сұңқар» қызығушылық клубының мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.  Мақсаты: Ата бабадан мұра болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Домбырадан – таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынаға өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау. «Bala-ART» өнер орталығының оқушыларының орындауындағы «Ерке сылқым» күйімен ашылған шараны кітапханашы М.Кадирбергенова жүргізді. Әлшекей өнер мектебінің ұстазы С. Отарбаев домбыраның шығу тарихынан бастап, домбыра құрылысы,  домбыра тарту мәнерінің әртүрлілігіне тоқталып, жергілікті композитор Әлшекейдің күйін орындап берді.    «Домбыра туралы аңыз», «Ақсақ құлан» туралы аңыздарды кітапханашы М.Кадирбергенова баяндаса, №51 мектептің 11 сынып оқушысы Ж.Бақытжанқызы «Көңіл толқыны» күйін, кітапхана  оқырманы А.Талғат «Қаражорға», «Арнау» күйін, С.Ғабитқызы мен Қ.Ғабитқызы « Балбырауын» күйін, «Сырғалым» әнін  орындап берді. Шара соңында  қатысушылар «Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты кітап көрмесімен   танысты.