Жобалар

24.07.2024 Выкл. Автор editor
Жобалар

24 шілде күні  Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен   «Туған өлке тұлғалары» жобасы аясында  «Ақындар жырлаған туған өлке» атты әдеби қонақжай кеш өткізілді. Мақсаты:  Туған жерін қадірлеп-қастерлеуге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, жас ұрпақтың бойына еліне, Отанына, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру.  Шараға Қазақстан Журналистер Одағының, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі,Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының “Құрметті азаматы”, ақын Файзулла Сахиев ағамыз бен «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Мақпал Пәтенова, М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің қызметкері Көкен Өскенбай  және кітапхана оқырмандары қатысты. Шараны кітапханашы Замира Садыкова жүргізіп,

Адырбек Сопыбековтың шығармашылығынан   кітапхана оқырманы      Аманбай  Диана «Ордасы бұл өнердің» атты өлеңімен бастады.   М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің қызметкері Көкен Өскенбай «Ауылым», «Туған жер» әндерін шырқады.  Ақын Ф.Сахиев пен М.Патенова да өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Туған жеріміз Жаңақорған жайлы бейнеролик көрсетіліп, туған жер тарихы, тұлғалары, тарихи көне қалалары мен тарихи-мәдени ескерткіштері таныстырылды. №51мектептің оқушысы Сейітқали Аружан ақын Ф.Сахиевтің  «Туған жерде болғанда»  өлеңін оқыса, №163 мектепті оқушысы Талғат Айшабибі М.Мақатаевтың «Туған жерге»  атты өлеңін мәнерлеп оқыды.