Әжем айтқан ертегі
18.07.202418 шілде күні «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында «Сағыныш –ш» балабақшасының бүлдіршіндерімен «Таныс.Біл.Ойлан.Үйрен» атты көңілді тапқырлар ойыны өткізілді. Мақсаты : Ертегі оқу арқылы балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қорытынды жасай отырып, балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Балалардың дүниетанымын байыту, қоғамдық өмір туралы ұғымдарын кеңейту.
«Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында «Қымбат қобдиша» ертегісін айтып, соңынан тыңдалған ертегі бойынша балаларға көмекші сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Балаларға түстерді ажырату және тану мақсатында «Түстер әлемі» атты ойынын өткізіп, балалар шапшаңдықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Кітапханашы асыл әжеміз балаларға тәлімі мен тағылымы мол ертегілер айтып , құлақ түріп тыңдағын жанға тәрбиелік мәні зор өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Осылайша жас ұрпақтың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын артыратын жобаның шарапаты мол.