Жанұя шуағы

28.08.2024 Выкл. Автор editor
Жанұя шуағы

Сунақата  ауылдық кітапханасының  ұйымдастыруымен «АДАЛ АДАМ» мәдени-тәрбие орталығының «Жанұя шуағы» жобасы аясында ауылымызда ұзақ жылдар денсаулық сақтау саласында қызмет атқарған жанұялы Досмағамбетовтер отбасымен «Жанұя бақыты – шаңырақ шаттығы» атты кездесу болып өтті. Кездесу кешін кітапхананың белсенді оқырманы Біртай Алматхан жүргізді. Кеш қонақтары  Досмағамбетов Әбілжан мен Искандирова Клара  атқарып жүрген жұмыстары, бала тәрбиесі, жанұя мүшелерінің бір-біріне қарым-қатынасы жайлы  кеңінен   айтып өтті.

Мақсаты: Келешек жас ұрпақтарға мамандық таңдау, жар таңдау мәселесі, отбасылық сыйластық жайлы кеңінен насихаттау.