Кітап Тайм-2024

07.09.2024 Выкл. Автор editor
Кітап Тайм-2024

Жаңарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап Тайм-2024» ІІІ жалпы республикалық фестивалі аясында, қазақтың атақты ақыны, дарынды драматург Сакен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған “Кең құлашты эпик ақын” атты Сакен оқулары өткізілді. Шарада Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен еңбектері таныстырылды. Оқырмандар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, әсем ән де шырқалды. Сәкеннің сұлу өрелі жырлары ғасырлар өткен сайын ұрпақтар санасында жатталып, кеудедегі Отанға, елге деген сүйіспеншілікті оятып, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қоспақ. Шараға қатысушылар ақын жырларымен сусындап, мол рухани азық алды.

Мақсаты: С.Сейфуллиннің өмірінің деректерімен, шығармашылығымен таныстыру және әдебиетіміздегі асыл дүниелерімізді таныта білу.