Жүсіпбек Аймауытов — қазақтың көрнекті жазушысы

07.09.2024 Выкл. Автор editor
Жүсіпбек Аймауытов — қазақтың көрнекті жазушысы

Қожамберді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 20 қыркұйек күні «Кітап Тайм-2024» ІІІ жалпы республикалық фестивалі аясында, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жыл толуына орай «Жүсіпбек Аймауытов — қазақтың көрнекті жазушысы» атты әдеби сағат өткізілді.

Шараға №162 орта мектебінің 8 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Опашева Жаңагүл, мектеп кітапханашысы Балғабаева Айнаш қатысты. Шара барысында кітапханашы С.Мұстапаева оқушыларға жазушының өмірі мен шығармаларына шолу жасап кітаптарымен таныстырып өтті. 8 сынып оқушылары Сейілхан Арайлым, Ақбай Абылайхан, Жанұзақ Жансая, Арыстанбекова Жазира өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында сынып жетекшісі Опашева  Жаңагүл «Ақбілек» романы туралы қысқаша түсінік берсе, мектеп кітапханашысы Балғабаева Айнаш «Рабиға және Қанапия-Шарбану» пьесасы жайлы қысқаша айтып өтті. Шара соңында оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп сұрақтарға жауап берді.

Мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру, әдеби мұрасын негізгі ерекшеліктерін ұғындыру.Оқушыларды қазақ зиялылары-ның өмірі мен шығармаларымен жете танысып іздемпаз,шығармашыл болуға сөз өнерін жетілдіруге тәрбиелеу.