Қазақтың абызы. Тұлға
14.09.2024Сунақата ауылдық кітапханасында 20.09.2024 жылы «Адал АДАМ» мәдени-тәрбие орталығының «Әлем-ВООК» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ә.Нұрпейісовтың 100 жылдығына «Қазақтың абызы. Тұлға.» атты кітап көрмесі жасалынып, жазушының «Қан мен тер» трилогиясына талдау жасалынды. Кітапханашы Р.Сәдірбаева оқырмандарға кітап көрмесін таныстырып, жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өтті. «Қан мен тер » трилогиясы отыз жылдан бері қазақ оқырманының көзайымына айналған,көптеген шет ел тілдеріне аударылған бұл шығарма қазақ романының классикалық үлгілерінің бірі деп тоқталып өтті. «Қан мен тер» романын талдау барысында №194 орта мектебінің 8 сынып оқушылары Б.Туралиева,Әділбек Айнара,Жұмахан Нұртас өз ой-пікірлерін білдіріп,романдағы кейіпкерлерге пікірлерін білдірді.
Мақсаты: Ә.Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен талқылау